«ЖАСТАР ОТАНҒА» ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Қоғамның басты байлығы – жастар. Тал бесіктен әрбір жеткіншектің бойына рух, жалынды жігер, туған жерге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерді сіңіріп, елінің ертеңін ойлайтын тұлға тәрбиелеу қажет. Ел болашағын жарқын, келешегін кемелді ететін – жастар.
2016 жылдың 10 қараша күні еліміздің шырайлы оңтүстік өңірінің Төле би ауданында орналасқан «Бəйшешек» спортты-сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасы Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысымен Еуразиялық келісім қоры «Жастар Отанға» жастар лагері өз жұмысын бастады.
Лагерге республиканың түпкір-түпкірінен жас буын – студенттер мен белсенді жастардың басын біріктірді. Лагерь барысында жастармен жұмыс жасау тəжірибесі бар мамандар семинар-тренингтер, жастардың бойындағы сенімділікті бекіте түсетін ойындар, көпшілік алдында сөйлеу, ораторлық қабілетті арттыру мақсатында пікір алмасулар және мызғымас достық орнатып, жолдастық қатынасын бекем ете түсетін спорттық ойындар ұйымдастыру күтілуде.
Жастар лагерінің ашылу салтанатында əр облыс жастарының басын біріктіріп, достық ортасын қалыптастыру мақсатында 6 топқа бөлінді. 8-9 адамнан жинақталған 6 команда өз тобының атын, ұранын, ерекше өнерін əзірлеп, ортаға салды. Топтарға «Forever friends», «Boom», «Red Bull», «Жұлдыздар», «Айналайын», «Ұлы дала ұландары» деген креативті атаулар қойылды. От шашқан жалынды, жігерлі, жүйрік оймен қанаттанған алғыр жастар өнерден де кенде емес. Əр топ өз өнеріне қазақтың қара домбырасынан төгілте күй орындап, əсем əуезді əндер шырқап, актерлік шеберліктерімен бөлісіп, заманауи би түрлерін паш етті. Ашылу салтанаты би кешімен жалғасын тапты.
Ел тірегі — білімді ұрпақ. Белсенді 50 елмен бәсекеге түсе алатын дәрежеге жету мақсатында қарышты қадамдар жасалуда. Сол жолда келешек тұтқасы – білімді ұрпақ тәрбиеленуде. Отанды көркейту жастардың қасиетті ұраны.